Арғынбай Бекбосын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:01, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арғынбай Бекбосын<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1937 жылы 17 маусымда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Қарасу ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Әр жылдары Алматы жоғары партия мектебінде, КОКП Орталық комитеті жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясында, АҚШ-тың Колорадо университетінде білімін жетілдірген. Жамбыл облыстық радиосының тілшісі, Қазақ радиосының Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі, Жамбыл облыстық «Еңбек туы» ғазетінде бөлім меңгерушісі, Жамбыл аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы, Жамбыл облыстық партия комитетінің бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі нұсқаушысы болған. 1985-1994 жылдары Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Еңбек туы» газетінің редакторы болып жұмыс істеді. 1994 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің, 1995 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Онда Халықаралық істер, Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік комитетінде мүше бола жүріп, бірталай аса маңызды заң жобалары бойынша жұмыс тобын басқар ды. Депутаттық қызметімен қоса ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы Тәртіптік Кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі міндеттерін атқарды. 19992003 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 2003 жылдан бастап зейнеткер. Тараз Мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университеттің профессоры.

Еңбегі

«Ауылым — әнім менің» (1975, «Қайнар»), «Жетіқарақшысы жоқ аспан» (1991, «Қазақстан»), «Кемеңгермен кездесу» (1994, «Мерей»), «Хауа ананың аманаты» (1995, « Қайнар »), « Қылкөпір » (1999, «Өнер») кітаптары жарық көрген. «Омар һаям рубаяттарын» қазақшалаған, «Мың түрлі ой» атты төрттағандар жинағы (2001, «Елорда»), «Фәниллік драма» жинағы шыққан. Шығыс жұлдыздарының шығармалары топтастырылған «Омар Һаям жұлдыздар шоғырында» атты аударма кітабы жарық көрген (2009). Пушкин, Лермонтов, Есенин, Бунин шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. Жан-Батист Мольердің «Еріксіз емші» комедиясын аударған, ол Жамбыл облыстық драма театрында сахналанған.

Пьесалары

«Нюрнбергтен бұрын» атты тарихи-қаһармандық драмасы «Соңғы сезім» деген атпен Қазақтың М.О.Әуезов атындағы академиялық драма театрында (19951999), Жамбыл облыстық драма театрында қойылды. «Өткелдеғі шайқас» атты пьесасы да сахналанды.

Жетістіктері

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), «Парасат» орденінің иегері (1998), Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығвіның (1986) және ТМД елдері Журналистер одақтары конфедерациясы сыйлығынвщ лауреаты. Жамбыл облысының және Байзақ ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Жазушылар одағы Ағалар алқасының мүшесі.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub