Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:59, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев (9 қазан 1951, Қарағанды қаласы) — химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).

Қазақ мемлекеттік университетін (1973, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Қызмет жолы

1977–1981 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1981–1985 ж. Қарағанды кооперативтік институтының доценті, 1985–1996 ж. Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми хатшысы, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1996–1998 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры болды.

1998–2004 ж. Органикалық синтез және көмір химиясы институтыты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2004 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі акададемик-хатшысының орынбасары, Қарағанды техникалық университетінің ректоры.

Зерттеулері

Ғазалиевтің негізгі ғылыми-зерттеулері жаңа биологиялық активті заттарды жасауға арналған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер