Арыстанбай Тобылбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Арыстанбай (Арыстан) Тобылбайұлы (1811, қазіргі Ақмола облысыҚорғалжын ауданы — 1880, сонда) — суырып салма ақын. Әкесі — Тобылбай би. А. Орынбай, Серәлі, Шөже ақындармен айтысқан. Қоқан, Ташкент, Созақ, Үргеніш, Бұхар қалаларын аралаған. 1837 ж. Ташкент сапарынан оралып келе жатып, Кенесары ханның қолына түседі. Хан оны қауіпті адам санап өлтірмекші болғанда, ақын өзінің елі мен жеріне қоштасу жырын табанда суырып салып айтып, ақындық өнерінің құдіретімен ажалдан құтылады. Шоқан Уәлиханов А. ақынды ірі сөз шеберлерінің қатарына қосқан. Ол «Едіге туралы» жыр мен «Ер Қосай», «Ер Көкше» дастандарын алғаш А-дан естігенін жазады. А. Ұлытау экспедициясына жолбасшы болған кезінде (1845 — 46) бірге болған орыс оқымыстысы И.З. Безверхов оның ақындық, жыршылық, әншілік өнерін өте жоғары бағалайды, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырын жатқа айтып бергенін жазады. Өлеңдері мен айтыстары жинақталып, 1910 ж. бастап әр түрлі жинақтарда жарияланып келеді.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref> Ақынның бүгінге "Арыстанның әні" атты жалғыз әні ғана жетті. <ref>"Қазақтың дәстүрлі 1000 әні" жинағы</ref>

Сыртқы сілтеме

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub