Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арынғазы хан"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(Жаңа бетте: '''Арынғазы Абылғазыұлы''' (1785 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі...)
ш (Бот: Санат:А дегеннен аластатты)
Жол нөмірі 6: Жол нөмірі 6:
 
{{stub}}
 
{{stub}}
 
{{wikify}}
 
{{wikify}}
[[Санат: А]]
 

22:30, 2011 ж. қазанның 13 кезіндегі түзету

Арынғазы Абылғазыұлы (1785 — 1833) - Кіші жүз ханы, Қайып ханның немересі. 1815 ж. әкесі Абылғазы қайтыс болғаннан кейін шекті, жаппас, арғын, алтын, т.б. рулардың би, старшындары тарапынан құрылтайда хан сайланған. Ақылдылығымен, парасаттылығымен көзге түскен. Шерғазымен тайталасып, оны хаңдықтан ығыыстыруға ұмтылған. Хиуа ханы Мұхамед-Рахыммен тартысқа түсіп, бірнеше рет соғысқан. Арынғазы қозғалысы деген атпен белгілі саяси ағымның мақсаты — хандық билікті ньгғайту, Орта жүз бен Кіші жүзде ортақ мемлекет құру, оған ислам дінін, мұсылмандық құқықты, шариғатты тірек ету. Сөйтіп, ол билер мен старшындарды ел билеуден шеттетіп, ер руға жасауыл тағайындады. Арынғазы Ресей протекторатын біріққен қазақ хандығын құру мақсатына пайдалануға ұмтынды. 1819 ж. Шерғазы хан патшаның атына Арынғазының үстінен шағым түсірді. Губернатор П.К.Эссен оған қолдау көрсетті. Тіпті Шерғазыны хандықтан аластатып, Арынғазыны хан ретінде бекітуге патшаға ұсыныс жасаған. Кіші жүздің бір ғана бөлігін басқарса да, патша үкіметінің осы өңірді отарлауына мейлінше қарсылық көрсеткен. Шерғазының соңынан Петербургқа барған. Шерғазыны ғана хан ретінде мойындаған I Николай оны тұтқындау жөнінде нұсқау берді. 1823 ж. Арынғазы ұсталып, Калугаға жер аударылды. 1826 ж. желтоқсан айының 21-де бірнеше сұлтан және белді старшындар Эссеннен Арынғазыны Калугадан оз ауылына қайтаруға өтінген. Эссеннің қолдауына қарамастан, Азиялық комитет бұл ұсынысты қабылдамай тастады. Осыған қарсылық ретінде Арынғазының «партиясы» халық арасында үгіт жүргізіп, Ресейге қарсылық жасауға тырысты. 1833 ж. Арынғазы Калугада дүние салды. Арынғазы күйші де болған. Оның «Арынғазы» атты жеті буынды жыр өлшеміне сай келетін күйі марш сияқты сергек сипатымен, айқын кеңілді сазымен ерекшеленеді. Үш бөлімді пішінде дамитын бұл шығарма Құрманғазы, Деулеткерей, т.б. күй шығармашылығына («Сарыарқа», «Түрмеден қашқан», «Қосалқа») әсер етті. «Арынғазы» күйі облыс домбырашыларының репертуарында кең орын алған. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Пайдаланған әдебиттер

  • Тереньтев М.А., История Средней Азии. т. 1. СПб, 1906
  • Крафт И., Сборник узаконий о киргизах степных областей, Оренбург, 1898

<references>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Арынғазы хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}