Арынды сулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Арынды сулар (Напорные воды) — атмосфералық қысымнан едәуір артық қысымда болатын және біршама ірі геологиялық құрылымдар (синеклиздер, моноклиндер) ішінде сутірек (су нашар өтетін) қабаттардың аралығында жататын таужыныстардағы жер асты сулары. Мұндай сулардың пъезометрлік деңгейі, оларды ұңғыма бұрғылау арқылы ашқанда, сутірек жабын мен сулы горизонттың түйіскен жерінен жоғарырақ деңгейде тұрақталады. Арын шамасы берілген нүктедегі пъезометрлік деңгей мен сулы горизонттың жабынының белгілерінің айырымына тең. Арынды сулар көбінесе артезиан сулары деп аталады. Олар Қазақстан аумағында жиі кездеседі. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}