http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%90%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F&feed=atom&action=historyАртиллерия - Түзету тарихы2024-03-29T15:40:30ZМына уикидегі бұл беттің түзету тарихыMediaWiki 1.23.15http://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%90%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F&diff=98876&oldid=prevModerator: 1 түзету2017-04-22T16:17:35Z
1 түзету

← Ескі түзетулер

16:17, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі түзету

(айырмашылығы жоқ)

Moderatorhttp://kk.encyclopedia.kz/index.php?title=%D0%90%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F&diff=98875&oldid=prevSibom: clean up, replaced: год → ж. using AWB2015-07-19T10:53:33Z
clean up, replaced: год → ж. using AWB

Жаңа бет

[[Сурет:Fork-(artillery).gif|thumb|300px|right]]

== Артиллерия ==

'''Артиллерия''' ([[Француз тілі|франц]]. ''atillier'' — дайындау, жарақтау):

# [[әскер]] түрі;

# қару түрі немесе қару-жарақ заттарының жиынтығы;

# артиллериялық қару-жарақ құрылысы, олардың қасиеттері мен ұрыста қолдану әдістері туралы ғылым.

Артиллерия әскер түрі ретінде [[Оперативті таңдау пернесі|оперативтік]] бірлестіктер мен жалпы әскерлік құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің құрамына кіретін артиллериялық құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Артиллерияға қару түрі (қару-жарақ заттарының жиынтығы) ретінде зеңбіректер, келте зеңбіректер, [[минаатарлар]], кері теппейтін зеңбіректер, танкжойғыш басқарылмалы ракеталар ұрыс мәшинелері (ұшыру қондырғылары) және [[реактив]]тік артиллерия, артиллериялық және атқыштық [[оқ]]-дәрілер, артиллерияның қозғалу құралдары - дөңгелекті және шынжыр табанды тартқыштар және басқалар;

атысты басқару аспаптары, [[барлау]] мен атысты қамтамасыз ету құралдары, барлық [[атқыш]] қарудың түрлері мен [[гранататқыштар]] кіреді.

Артиллерияға [[ғылым]] ретінде артиллериялық қаружарақтық құрылысы, жобалануы, жасалуы мен қолданылуы жөніндегі, сонымен қатар оның ұрыстық қасиеттерінің, атысы мен ұрыста қолдану әдістері жөніндегі білім жиынтығы қамтылады.

''Артиллерия ғылымының негізгі бөлімдері:''

* [[баллистика]];

* артиллериялық зеңбіректер;

* атқыш қарулардың және оқ-дәрілердің материалдық бөліктерінің құрылым негіздері;

* [[Қопарғыш Заттар|қопарғыш]] заттар мен дәрілер;

* артиллериялық өндіріс технологиясы;

* артиллерияны ұрыста қолдану;

* атыс пен атысты басқарудың [[теория]]сы;

* артиллерия тарихы.

[[Еуропа]]да артиллерия [[13 ғ.|13]] ғасырдың аяғында - [[14 ғ.|14]] ғасырдың басында пайда болды.

[[16 ғ.|16]]-[[17 ғ.|17]] ғасырларда артиллерия ғылымының алғашкы негіздері қалыптаса бастады (зеңбіректер жасау мен артиллерия тактикасы жөнінде).

[[19 ғ.|19]] ғасырдың ортасынан бастап ойық ұңғылы артиллерия жасалып, ату жылдамдығы, атыстың қашықтығы мен дәлдігі артты. [[Бірінші Дүниежүзілік Соғыс|Бірінші дүниежүзілік]] соғыстың басында артиллерия далалық (жеңіл), атты әскер (тау артиллериясы), далалық ауыр және ауыр (қамал артиллериясы) Артиллерия түрлерінен тұрды.

Соғыс барысында сүйемелдеуші Артиллерия, зениттік Артиллерия, танкатқыш Артиллерия пайда болып, минаатарлар көбейді. [[Екінші Дүниежүзілік соғыс|Екінші дүниежүзілік соғыста]], әсіресе, зениттік, танкатқыш, реактивтік және өздігінен жүретін Артиллерия жан-жақты дамыды, сонымен қатар жоғарғы және ерекше қуатты Артиллерия қолданылды.

[[Сурет:AA-gun-niva-1916.jpg|thumb|300px|left|Орыс - германдық майдан, орыс ұшақ сайманы., [[1916]] ж. ([[76-шы 1902 жылдың үлгiсiнiң - дивизиондық зеңбiрегi]])]]

Қазіргі кездегі құрлықтағы әскер Артиллериясы әскер Артиллериясына резервтік Артиллерия, ал атқаратын міндеттеріне орай жер үсті және зениттік Артиллерия болып бөлінеді. [[Жер үсті сужиғысы|Жер үсті]] Артиллериясы ұрыстық қасиеттеріне байланысты: зеңбіректік, келте зеңбіректік, реактивтік, танкатқыштық Артиллерия, тау Артиллериясы және минаатарлар болып, қозғалыс түріне байланысты өздігінен жүретін, тіркелетін, өзі жүретін, тасылатын және стационарлық Артиллерия болып бөлінеді.

Әскери-теңіз [[ФЛОТ|флотының]] Артиллериясы (теңіз Артиллериясы) кемелік және жағалаулық Артиллериядан тұрады. Құрылымдық ерекшеліктері бойынша Артиллериялық жүйелер ұңғылы, ойық ұңғыны, тегіс ұңғылы, кері теппейтін, реактивтік казематтық, әмбебапты Артиллерияға бөледі.

=== Батарея ===

[[Батарея]] — Артиллерияның атыстық және тактикалық бөлімшесі, ал оның негізгі атыстық бөлімшесі болып 2-4 батареядан құралған [[дивизион]] саналады.

Артиллериялық дивизиондар бірігіп Артиллериялық полкті немесе Артиллериялық бригаданы, ал бригадалар (полктар) бірігіп Артиллериялық дивизияны құрайды.

Шетел армияларында Артиллериялық зеңбіректердің негізгі үлгілері 105 және 155 мм-лік зеңбіректер, 105-155 және 203 мм келте зеңбіректер, 110 мм және басқа реактивтік снарядтардың ұшыру қондырғылары, 81-106,7 және 120 мм минаатарлар, 90 мм танқатқыш зеңбіректер, 106 және 120 мм кері теппейтін зеңбіректер және әртүрлі танкіге қарсы басқарылатын [[ракета]]лар болып саналады.

Зеңбіректердің атыс қашықтығы 13-33 км, келте зенбіректерде - 24 км-re дейін, минаатардың атыс қашықтығы 5-10 км. Белсенді реактивті [[снаряд]]тарды пайдаланғанда, ол едәуір ұлғаяды. Әрқилы атыс тапсырмаларын орындау үшін да әртүрлі ок-дәрі қолданылуы мүмкін. Ұрыста (операцияда) Артиллерия атыс тапсырмаларын әскердің басқа түрлерінің мүддесіне сай орындайды.

''Оның ұрыста қолданылуының негізгі принциптері:''

* маңызды бағыттарда жаппай қолдану,

* атыстың тосындығы мен дәлдігі,

* жаяу әскер мен, танктермен,

* әскердің басқа түрлерімен

* [[авиация]]мен өзара бірлікте қимылдауы,

* артиллерия атысы мен маневрін үздіксіз және икемді басқару.

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001</ref>

==Дереккөздер==

<references/>

{{wikify}}

[[Санат:Артиллерия]]
Sibom