Арамза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Түсіндірме сөздікте бұл сөздің екі мағынасы бар. Біздің қарастырып, төркінін іздегелі отырғанымыз — мезгілікен бүрын туған қозы, лақ ұғымы. 1974 жылы шыққаң «Түсіндірме сөздіктің» I томында осы мағынадағы «арамза» сөзінің тұсына араб сөзі деген белгі қойылған. Бұл әрине, жаңылыс, қате пікір болар. Өйткені араб сөзі боларлық «арамза» — залым, қу, алдамшы мағынасында қолданылатыны болса керек. Сөздікте алғашқы мағынадағы «арамзаға» мынадай мысал келтірілген: «...арамзадан азап көбейеді» (С. Омаров, Қой бағу.). Жалпы алғанда, мезгілінен бұрын туған қозы, лақтардың азабы көп болатыны шындыққа келеді. Өйткені олар арық, әлсіз әрі нәзік болып туады да, күтімді көп қажет етеді. Осыған орай, дәлірек айтқанда, әлсіз, көзге қораштығына байланысты «арамза» атына ие болған десек, топшылауымыз теріс кете қоймаса керек. Себебі кейбір түркі тілдерінде, дәл айтсақ тува тілінде: ырымза — әлсіз, сидаң, көзге қораш мағынасын береді. Осы «арамза» сөзі қазақтарда да сақталып, тек соңғы кездерде мағына жағы солғындана бастаған деуге болады.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}