Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Арамей жазуы"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш («Heht.svg» деген "Heth.svg" дегенмен алмастырылды.) |
ш (1 түзету) |
(айырмашылығы жоқ)
|
19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы
Арамей жазуы — б.з.б. мыңыншы жылдың басында финикия жазуы негізінде пайда болып, арамейлер арасында кең қолданылған көне жазу түрі. Бірыңғай дауыссыз дыбыстардан тұрады. Әр дауыссыздан кейін дауысты дыбыс қосылып оқылады. Оңнан солға қарай жазылады. А. ж-мен жазылған ескерткіштер Сирияның солт-нен, Мысыр, Шам, Хам, Арпад, Ассириядан табылған. Олар б.з.б. 9-13 ғ-да жазылған. А. ж. Жерорта т-нің жағалауындағы ежелгі тайпалар: ассириялықтар, бабылдықтыр, еврейлер, парсылар т.б. арасында кең тараған. А. ж. Ахмен әулеті билік құрған тұста Парсы еліндегі екі мемл. ресми жазудың бірі болған. Арамейлердің арабтарға сіңіп кетуіне байланысты А. ж. б.д. 3-4 ғ-да қолданудан шығып қалды. Таяу және Орта шығыстағы ежелгі Азия халықтары жазуының, соның ішінде араб, еврей, пехлевий, ұйғыр, моңғол жазуларының осы А. ж. негізінде жасалғаны мәлім.
Империялық арамей тілі әліпбиі.