Антихрист (Ницше)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Антихрист: хриситан дініне қарғыс» Der Antichrist. Fluch auf das Christentum)(1888 ж.) — Фридрих Ницшенің христиан діні этикасына бағыттаған ауыр сын кітабы. Кейінгілердің Ф.Ницшені антихрисит ретінде бағалауы осы кітабына негізделген. Бұл кітапта ол сатиралы әуезбен бұрынғы кітаптарындағы антихристиандық идеяларын түйіндеді, христиан дінінің құлдық этикасы көне Римнің асқақ та, адами этикасын шірітті деп назаланады.

Жаңа замандық еуропа ойшылары ішінде ағартушылардан Вольтер, Жан-Жак Руссо, Гольбах секілді ойшылдар антихристік бағыт ұстанды. ХХғ. ойшылы Бертран Рассел де өзін Антихрист деп есептеп былай деген болатын: "Менің түсінігімше христиан дініндегілер өз ойы бойынша ашық өмір сүре алмайтындар", "Христиан дініне берілген адамдардың көп сандысы өте сұрқия келеді".

Дегенмен, бәрібір олардың Антихристік идеялары Ф.Ницшенікіндей өткір болмағаны тарихтан байқалады. Ф.Ницше өзінің аталған кітабында христиан дінінің қасиетті кітабы Інжілді, Пауылды (Апостол Павел), тақуалықты, шіркеу әкейлерін, крест жорығын, инквизицияны тілге тиек етіп, осының бәрі құлдық этиканың адамзаттың дегдарлық үстем этикасынан өш алу амалы ретінде түсіндірді. Христиан діні әлсіздер мен ауыруларды жақтайды, жағымпаздық пен жасандылыққа айтақтайды, көлгірсіген екіжүзділік ұстанады деп бағалап, оны күштілер мен шығармашыл тұлғалардың ғажайып еркін құрбан ететін қандықол идеология ретінде сипаттайды. Мысалы, Испанияның керемет мавритандық мәдени әлемін дәріптей отырып, Реконкиста кезінде христандардың бір Кордованың өзіндегі 300 қоғамдық моншаны «мұсылмандық көзі» деп құртып, «тән тазалығына да қарсы шыққанын» уытты тілмен жазады.<ref>Kaufmann, Walter, Nietzsche: Philosopher, Psychologist, Antichrist, Princeton, 1974, ISBN 0-691-01983-5</ref>

Ол Исаның өзіне және христиандық символдарға ауыр сын айтты, ол басқа кітаптарында кездесетін байсалдылықты тастап, жүйелі тойтарыс беру мен шабуыл жасауды және мазақтап, масқаралау тәсілдерін алма-кезек қолданды. Ол антихрисиандық этиканы дәріптеді, христиан дінінің барлық құндылықтарын шұғыл түрде қайта таразылауды ұсынды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

  1. Антихрист кітабының ағылшынша нұсқасы
  2. Антихрист кітабының электронды оқылымы (Орысша)