Антигона

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:06, 2014 ж. ақпанның 5 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Hugues Edipe a Colone Musee d'Orsay.JPG
Жан-Батист Юг. Эдип пен Антигона (1885)

Антигона (Үлгі:Lang-grc) — Ежелгі грек мифологиясындағы Фива патшасы Эдиптің қызы<ref>Мифы народов мира. М., 1991-92. В 2 т. Т.1. С.84; Любкер Ф. Реальный словарь классических древностей. М., 2001. В 3 т. Т.1. С.114; Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека III 5, 8-9</ref><ref>Еврипид. Финикиянки 58</ref>.

Соқыр әкесімен бірге өз еркімен айдауда болып, азап шеккен<ref>Гигин. Мифы 67</ref>. Ол өлгеннен кейін еліне келеді де, Фиваға қарсы қару көтерген бауыры Полиниктің сүйегін рұқсатсыз жерлейді. Сол үшін патша оны мазардағы сардабаға тірідей салып, бекітіп тастайды. Сонда Антигона өзін-өзі өлтіреді <ref>Софокл. Антигона 568—572</ref>.

Ата-анасына деген сүйіспеншіліктің шыңы, қайырымдылық пен қажырлылықтың үлгісі болған Антигонаның тағдырына Софокл өзінің ең таңдаулы трагедиялық шығармасын арнаған.

Астрономия

Антигонаның құрметіне 1873 жылы ашылған ірі астероидты атаған - (129) Антигона.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commonscat-inline