Аннулоспиральды жүйке ұшы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аннулоспиральды (дөңгелекайналымды) жүйке ұшы (Үлгі:Lang-grc; Үлгі:Lang=grc — ұшы + Үлгі:Lang-grc — жүйке + Үлгі:Lang-grc — дөңгелек, шиыршық + Үлгі:Lang-grc — спираль) — бұлшықет үршығының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы интрафузальды (Үлгі:Lang-grc —ішкі, ішінде + Үлгі:Lang-grc — ұршық) ет талшықтарында аяқталатын сезімтал жүйке ұшы. Бүлшықет үршығы сыртынан созылмалы дәнекер ұлпалы қапшықпен қапталған 10-12 жіңішке және қысқа көлденең жолақты ет талшықтарынан тұрады. Интрафузальды ет талшықтарының жиылғыш актинді— миозинді миофиламенттер кешені талшықтардың ұштарында орналасып, жиырылу қызметін атқарады. Ал оның ядролары орналасқан, жиырылу процесше қатыспайтын орталық бөліктері олардың сезімтал бөліктері болып саналады. Ұршық ішіндегі кейбір интрафузальды ет талшықтары (1-3 ет талшықтары) цитоплазмасының орталық бөліктерінде көптеген ядролар қапшықта орналасқандай топтасып жатады. Бүларды "ядролы қапшықты ет талшықтары" деп атайды. Ал қалған ұршық ішіндегі ет талшықтарының (3-7 ет талшықтары) ядролары, талшықтар цитоплазмасының орталық бөлігінде тізбектеле орналасады. Ұршық ішіндегі ет талшықтары ядролы қапшықты ет талшықтарына қарағанда екі есе жіңішке және қысқа келеді. Диаметрі 17 мкм сезімтал жүйке талшыктары интрафузальды ет талшықтарының ядролы қапшықты және тізбекті ядролы ет талшықтарының орталық бөліктеріне келіп, оларды дөңгелек-спираль тәрізді шырмап, сезгіш жүйке ұштары түрінде аяқталады. Деңгелек-спиральды жүйке ұштары бұлшықет талшықтары үзындығының өзгеруі мен сол езгерістің жылдамдығын қабылдап, орталық жүйке жүйесі мүшелеріне ақпарат ретінде жібереді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аннулоспиральды жүйке ұшы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}