Андромеда галактикасы мен Құс жолының соқтығысуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:35, 2017 ж. ақпанның 7 кезіндегі CommonsDelinker (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Andromeda Collides Milky Way.jpg
Хаббл ғарыштық телескобы суреттері бойынша, осыдан 3,75 млрд жылдан кейін Андромеда галактикасы мен Құс жолы галактикасының болжанған соқтығысу сәті

Андромеда галактикасы мен Құс жолының соқтығысуы — 3 млрд жылдан кейін Жергілікті топжұлдыз (Local Group) шоғырындағы екі үлкен галактика – Андромеда галактикасы (М31) мен Құс жолы ортасында болуы мүмкін қақтығысу туралы ғылыми жорамал.<ref name= "muir">Hazel Muir, "Galactic merger to 'evict' Sun and Earth," New Scientist 4 May 2007</ref><ref>Astronomy, маусым 2008, page 28, by Abraham Loeb and T.J.Cox</ref> Бұл қақтығыс жұлдызара, галактикaара соқтығысқа үлгі ретінде айтылады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Шынтуайтында, мұндай қақтығыс орын алған күнде де галактикалардағы жұлдыздар шындап бір-біріне физикалық мағынада тиісіп кетпейді. Өйткені, галактикадағы жұлдыздар бір-бірінен өте шалғай орналасқаны белгілі. Жер шарына ең жақын жұлдыздың жерден қашықтығы күн диаметрінен 30 млн есе ұзақ болады. Егер күнді 25 центтік монета шамасында деп елестетсек, ең жақын жұлдыз одан бәрібір 700 000 метр алыста болмақ.

Сурет:Andromeda and Milky Way collision.ogv
Құс жолы мен Андромеда галактикасының соғысуы, NASA; ESA; G. Besla, Columbia University; and R. van der Marel, STScI Date: маусым 2012

Жоғары технологиялық өлшеу-есептеу құралдары арқылы жұлдыздардан келетін сәулелерге өте нәзік талдаулар жасалатыны белгілі. Егер сәуле жарығы барған сайын қызара түссе (redshift), онда ол жұлдыз, не жұлдыздық жүйе бізден барынша алыстап бара жатқанын, ал сәуле көгере түссе (Blueshift), онда ол бізге қарай жақындап келе жатқанын көрсетеді. Андромеда галактикасы секундына 300км (180 ағылшын милі) жылдамдықпен күнге жақындап келе жатқаны оның көгере түскен жарығы арқылы айқындалған және мұндай көгерген жұлдыздар әлемде тым көп емес. Егер күнге оның Құс жолындағы жылдамдығын қоса ескерсек, онда Андромеда галактикасы шамамен секундына 100-140км жылдамдықпен Құс жолы жүйесіне жақындап келе жатқаны анық.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Андромеда галактикасы мен Құс жолының соқтығысуы туралы болжам рас болса, онда 3 млрд жылдан кейін Андромеда галактикасының жұлдыздары мен басқа ғарыштық денелерін жер шары бетінде тұрып жай көзбен көре аламыз.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Егер, расында Андромеда галактикасы мен Құс жолы соқтығысса, олар шамамен 7 млрд жылдық өзара араласу барысында бірігіп, кірігіп, тіпті де үлкен Сопақ галактикаға айналады. Бұл бірігуден кейінгі галактиканың аты да жер бетінде біраз сөз болды. Көпшілік көбірек қабылдаған атау "Milkomeda"(қазақшасы бәлкім "Құсмеда" болар) болып, ол ағылшынша құс жолы(Milky Way)және Андромеда (Andromeda)сөздерінің бірігуінен жасалған.<ref name=Cain />

Сурет:Antennae galaxies xl.jpg
Екі галактиканың соғысуынан пайда болған Антенна галактикасы

Айта кетерлігі, бұл әлі толық кесіп айтуға келмейтін болжам ғана. Андромеда галактикасының Құс жолына салыстырмалы жақындау жылдамдығы аталған галактикадағы жұлдыздар спектріне Доплер әсері бойынша талдау жасау арқылы есептелген. Бірақ оның көлденең жылдамдығын есептеу қазірше мүмкін болмай тұр. Демек біз, Андромеда галактикасы секундына 100-140км жылдамдықпен бізге қарай жақындап келе жатқанын білгенімізбен, бірақ бұл оның бізге келіп соқтығысады дегендікке толық дәлел бола алмайды.<ref>Abraham Loeb, Mark J. Reid, Andreas Brunthaler, and Heino Falcke The Astrophysical Journal, 633:894–898, қараша 10 2005</ref> Тіпті соқтығысқан күнде де олардың галактика табағы емес, күңгірт материя қоралану өңірі ғана ұшырасады және бұл тым, тым кейін — яғни 3 млрд (109) жылдан кейін болатын іс. Ондай жағдайда екі галактика бірігіп үлкен бір галактикаға айналады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Еуропа ғарыш агенттігі 2011 жылы жаңа Гайя ғарыш кемесін ұшырып, Андромеда галактикасының көлденең жылдамдығын өлшеуді қолға алуға кірісті.<ref name= "muir" />

Сурет:Sig06-005.jpg
Орталығынан басқа бір галактика кесіп өтіп кетуден қалыптасқан Доңғалақ галактикасы

Ғарыштық телескоп зерттеу институтының (Space Telescope Science Institute) зерттеушісі Frank Summers Кейза батыс резервтік университетінің (Case Western Reserve University) профессоры Chris Mihos пен Гарвард университетінің профессоры Lars Hernquist-тің зерттеу нәтижелері арқылы бұл оқиғаның компьютерлік кескінін жасап шығарды.<ref>Hubblesite Newscenter: Hubble Astronomer Creates Spectacular Galaxy Collision Visualization for the National Air and Space Museum</ref>

Мұндай соқтығысулар ғарышта өте жиі кездеседі. Әйгілі соқтығысулардан мысалы Доңғалақ галактикасын, сондай-ақ Антенна галактикасын айтуға болады. Зерттеулер бойынша Андромеда галактикасы бұрын да басқа галактикамен бір рет соқтығысқаны байқалады.<ref>"Andromeda involved in galactic collision" MSNBC 10:38 a.m. PT 29 January 2007</ref> Теориялық тұрғыда, біздің күн жүйеміз бұл соқтығысу барысында бірігіп қалыптасқан галактикадан бөлініп шығуы мүмкін делінеді, немесе соқтығысудың алғашқы мезгілінде Күн жүйесі Андромеда галактикасының бір бөлігіне уақытша айналуы да мүмкін. Жұлдызара қашықтық өте шалғай болғандықтан, бұл қақтығыс күн жүйесіне қарата кері әсері де, (әсіресе, енді 5-6 млрд жылдан кейін күн "Қызыл жұлдыз" сатысына өтеді,) күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалысына да әсері соншылық үлкен болмайды деп болжанады.<ref name=Cain>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite journal</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер