Андас би

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Андас Стамбекұлының өмірбаяны

Андас Стамбекұлы XIХ ғасырдың бас кезінде туып 120 жастай жасаған қазақтың биі әрі батыры. Ол 1804-1807 жылдары туып, 1924-1927 жылдары қайтыс болса керек. Бұл елі анықтай түсетін жай. Андас Қоқан хандығына қарсы соғыста ерлікпен қаза тапкан Саурық (1814-1854) батырмен туысқан. Екеуде — шапқыншы жауға қарсы күресті бастаған батырлар. Андас бидің шыққан тегі Шапырашты, одан Есқожа - Қарасай батыр, одан Өтеп - Көшек - Түркпен. Көшектен Түкті-Құрт, одан Көшке, Стамбек, Көшкеден Сұраншы батырдың әкесі Әсімбек, Стамбектен Андас, Саурық батырлар тарайды. Андас Шапырашты, Айқым, Есқожа ұрпақтарының басын құрап ел етуде, олардың жаудан қауіпсіз болуы жолында зор еңбек сіңірген ел басы, аға биі. Қазақ тарихында тағы бір Андас баба бар. Ол жөнінде Қазақ Совет энциклопедиясында былай анықтама берілген: "Андас - Ұлы жүз құрамындағы Жалайыр тайпасының Шуманағынан тараған 13 рудың бірі. Қазан төнкерісінен бұрынғы және қазіргі мекені Қаратал, Көксу өзендерінің, оның Балқашқа құятын сағасынан ілеге дейінгі өлке, Талдықорған тәңірегі, Тентек өзенінің жағасы, Малайсары, Желді қара тауларының алқабы. Қалпе, Орақты, Күшік руларымен аралас отырады. Андас мал шаруасымен қатар егіншілікпен айналысқан ел. Оның егін суарған ескі тоғандары іле, Бақанас, Быжы, Қаратал өзендерінің бойында әлі бар. Жаз шыға Жоңғар Алатауының салқын беткейлерін жайлаған. Андас - Қалқа, Толымбек болып екіге бөлінеді. Оларға мынадай аталар кіреді. Деріпсалы, Жомарт, Қанай, Қонай, Әйтімбет, Құттық-Қарақұс, Қырғыз. Андабай-Таңат, Алакөз-Жетінар, Меңдібай-Кенжеке, Таймөңке-Байыс, Байқара-Жұман, Түрке-Саурық, Шөкі-Шүкі, Қошқар-Шөрек". Енді жоғарыда сөз еткелі отырған Шапырашты Айқым атасынан шыққан Андас Стамбекұлының ел аузынан жазып алынған бірер сөзіне келейік: Көктем шығып ел жайлауға көшіп қонып жатқан кез екен. Шапырашты ауылдары да көш-қон әрекетінде. Айқым, Есқожа елінің басшысы Андас би, қасына өзінің батыр інісі Саурықты ертіп Ұзынағашқа келеді. Одан Құртқа тәуіпті ертеді, Қарақастекке бет алып бара жатқанда алдарынан атақты Сүйінбай ақын шығады. "іздеғенғе сұраған" дегендей, аталас ағайындар, жапырласып сәлемдесіп жатады. Андас би:

- Сүйекем, үшеуімізді сүйе ме екен,
Бүйідей өлде бізге тие ме екен? -

деп, әзіл-қалжыңы аралас сөз бастайды. Сонда Сүйінбай ақын:

- Андастың әділдігі жұртқа болар,
Үш жүздің бас тәуібі Құртқа болар.
Атадан артық туған Саурық батыр,
Қазақ пен Қырғызға тұтқа болар, -

- деп, үшеуін бірақ ауыз өлеңге сиғызып марапаттапты.

Андас би туралы аңыз

Ілгеріде біздің Бәйдібек бабаның бір баласы жылқылы бай атаныпты. Оның мыңғырған жылқылары түс-түсімен, үйір-үйір болып сонау Талас өзенінің басынан аяғына дейін созылып жатады екен. Сол жылқылы байдың бір ұрпағы атасынан енші алып Таластың төменгі сағасына қоныс аударыпты. Ол өзі Андас бимен замандас, құрдас болса керек. Бірер жылдан кейін қасына 40 кісі ертіп Андас артынан іздеп барады. Оншақты күн қонақ болып, ағайын-туыстарды аралап, мал-жан, қоныс жайымен танысады. Қыс-қыстауын, жаз-жайлауын көреді. Дулат, Ысты, Ошақты ауылдарының ақсақал, игі жақсыларымен танысып әңгіме-дүкен құрады. Өткен-кеткен талай шежірелерден сыр шертіледі. Еліне қайтар кез- Андас би әлгі замандасына қарап:

- Келген жерің уақ малға сая, жылқыға жал-жая екен. Бірақ, қар жолдың жағасы, өзен судың сағасы екен. Өрісің баянды бола қоймас, қой елге Жетісуга көшіңдер, - депті. Сонда жылқылы бай айтыпты...
- Мұның дұрыс қой, Андеке, - депті,- жылқым, Жетісудың тау-тасты: шатқалына сыймайды. Өрісім тарылды. Кәпірлер келіп ірге тепті. Ал, бұл жақ болса кең дала, жылқым еркін жатады. Ауылым кәпірлерден аулан болады. Енді жылы орнымды суытып кері көше алмаймын.

Сонда Андас би айтыпты:

- "Судың басында отырған ел су ішеді, аяғында отырған ел у ішеді" деген су аяғы құрдымға тозған ел отырады. Уыз ішкен руыңмен у ішсең де өлмейсің. Жетісуға көшіңдер менің соңымнан еріңдер.

Туысқаны көнбей қасарысып отырып алыпты.

- Ендеше көнбесең сөзім тосылар, Ақыретте басымыз қосылар, - деп де, Андас би атына қонып, серіктерін ертіп Алатауды бетке алып және кетіпті дейді ел.

Алатаудағы атақты Андас бидің Әулие-ата жеріне келгенін естіп Мәмбет би (Байзақ датқаның әкесі) "маган соқпай кетпес, түбіміз бір Бәйдібектір баласы едік қой" деп дайындығын жасай беріпті. Аз үй Шапыраштының тұрақтаған мекені Талас өзені бойындағы жаз жайлау Қызылжардан шыққан Андас бір күнде Қаратау бауырындағы Билікөлдің сабатты, сазды шалғыны каз-қатар тігілген ақ шаңқан үйлердің, үйір-үйір жылқылардың үстіне шығады. "Бұл кімнің ауылы" дегенде. "Мәмбет датқаның ауылы" деп жолшыбай кездескендер. Андастың келе жатқанын шабармандарынан күні бұрын естіген Мәмбет алдынан өзі шықпай, баска кісілерді жібермей үйінде жата берген көрінеді

- Андас кеп қалды, кеп қалды, - деп шабарман қызметкерлер мен сақадан сайланған жігіт сасқанынан ақ ордаға бірі кіріп, бірі шығады. Ат тұяғын дүбірі құлағына жеткен Мәмбет тай шаптырым жердегі мама қазы тоқтамай, Андастың ат басын ақ ордаға бұра бергеніне көзі жеткен соң, тағат тауып орнында отыра алмай, ұшып түұып кереге басында ілулі алмас қанжармен жабығын тіліп жіберіп, сығалай қараса керек. Есік алдында 30-40 адамымен келіп тоқтай қалған Андас (дауысы өте зор кісі екен) ат үстінде тұрған бойда: "Оу, кім бар", - деп дауыстағанда Мәмбет атып шығыпты Сонда Андас "Мәмбетпісің, Мәмбетпісің, Мәмбетпісің" деп үш рет қайталап аттан түсіп құшақтасып көріскен екен.

Кейін Мәмбеттің қасындағы дос-жарандары:

- Жарықтық датқа сонша неғып дегбіріңіз кетті. Қоқанның бегіне де бүйтпеуші едіңіз, - депті. Сонда Мәмбет менің жолбарысым үйдің іргесін тығыла берген соң, жабықты тіліп жіберіп қарасам Андастың екі жағын екі қызыл жолбарыс жалаңдап келе жатыр екен. Бұдан кейін менде қайдан дегбір болсын, - депті.

Халық қастерлеген, иманды, аруақты қасиетті адамдардың киесі бі біріне көрінетін шығар кім білсін?!<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Андас би|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}