Анахронизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Анахронизм (Үлгі:Lang-el — кepi, Үлгі:Lang-el — уақыт) — жыл санаудағы уақытқа сәйкессiздiк (хронологиялық қателiктер) не бiр дәуiрдің оқиғалары мен сипаттамаларын жаңылыс немесе шартты түрде екiншi дәуiрге телу.

Анахронизм ауыспалы мағынада ecкінің қалдығы, жаңа заман дүниетанымымен сәйкеспейтiн, көнерген, күнi өткен көзқарас, ұғым, салт-дәстүр дегендi де бiлдiредi.

Анахронизм орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәyiрiне, классицизмге тән дүниелерде (өнер мен әдебиет) жиi кездеседi. XIX — XX ғасырларда анахронизм шығарманың кемшiлiгi ретiнде қарастырылды. Тек кейбiр жағдайларда ғaнa көркемдiк тәсiл деп ұғынылды (мысалы, Б.Брехттiң «Юлий Цезарь ici» атты романындағы анахронизм).<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}