Анархизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:BlackFlagSymbol.svg
Анархистердің қара жалауы

Анархизм (Үлгі:Lang-el - «бассыздық», «басқарусыздық»<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>) — адамдар арасындағы баршаға ортақ тәртіптерді мойындамайтын, жеке адамның шексіз еркіндігін уағыздайтын, мемлекеттік және басқа да биліктің түрлерін жоққа шығаратын қоғамдық-саяси ағым. Өзінің мемлекеттік билікті жою, ұйымдастырылған саяси күрес, беделді, тәртіпті мойындамау деп жариялаған саяси ағым;.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> XIX ғ. ортасында қалыптасқан.

Анархизмнің негізін қалаушылар: неміс философы М. Штирнер (1806-1856), француз философы, экономисті П. Прудон (1809-1865). Көрнекті өкілдері: орыс төңкерісшілері М. А. Бакунин (1814-1876), П. А. Кропоткин (1842-1921).

Анархизм дүниетанымының негізі - индивидуализм. Бұл ағымды қолдаушылар тұлға еркіндігін шектейтін кез келген әрекетке қырын қарайды. Анархистер мемлекеттік биліктің барлық түрлеріне жеке тұлға еркіндігін жүзеге асыру жолындағы басты кедергі ретінде қарауы заңдылық. Өйткені олар мемлекеттік және саяси биліктің түрлерін дереу жойылуы тиіс жамандық, жауыздық деп жариялайды. Олардың пікірінше, әлеуметтік төңкерістің негізгі міндеті - мемлекетсіз өзін-өзі басқаратын өндірістік бірлестіктерден, әлеуметтік қауымдастықтардан тұратын қоғамдық құрылым орнату.

Күнделікті өмірде «анархия» терминін басқарудың дұрыс ұйымдастырылмауы салдарынан болатын тәртіпсіздік, хаос жағдайында қолданады. Алайда, анархистер болашақта мінсіз мемлекетсіз өмірді қоғамдық процестердің тәртіпсіз, басқарусыз, бей-берекет қалпынан іздемейді. Керісінше, олардың пікірінше тек анархия, яғни, адамдарды еш нәрсеге мәжбүрлемеу, қарым-қатынастьщ еркіндігіне негізделген, басқарусыз шынайы қоғамдық тәртіп орната алады. Бұл қозғалысты жақтаушылардың кең таралған "Анархия - тәртіптің бастауы!" ұранын осы түрғыда түсіну керек.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Навигациялық кесте