Анализаторлар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:31, 2016 ж. ақпанның 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Анализаторлар немесе талдағыштар (анализаторы); (Үлгі:Lang-grc - жіктелу, талдау) — шеткі қабылдағыш бөлімдерден басталып, ми орталықтарында аяқталатын күрделі жүйке механизмі, яғни ол дененің сыртқы және ішкі ортасын жүйке жүйесінің орталық бөлігімен байланыстырып түрған рефлекторлық доганың сезімтал бөлігі. Талдағыштар үш бөлімнен тұрады: 1) тітіркеністі қабылдайтын шеткі бөлім (рецепторлар); 2) жүйкелік қозуды өткізетін аралық бөлім; 3) қабылданған сезімге талдау жасалынатын ми жабынындағы және қыртыс астындағы сезімтал орталық бөлім. Анализаторлардың көмегімен адам мен жануарлар организмдері мен қоршаған орта арасында байланыс қалыптасады. Сонымен қатар, олар организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты өтуі, үлпалар мен мүшелердің қанмен жабдықталуы, әртүрлі жүйелер қызметінің үйлесімді реттелуі туралы ақпараттармен орталық жүйке жүйесін хабардар етіп отырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Анализатор (Analyzer) - берілген алгоритмге сәйкес объектінің басты элементтеріне сипаттама беретін анализ жасау құрылғысы немесе бағдарлама. Желілік құрылғының жағдайын тексеретін, дестенің мазмұнына анализ жасайтын тәсіл.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0</ref>

Анализатор- 1)зат қоспада қайсібір заттың бар жоғын анықтайтын аспап; 2)радио және электротехникада әр түрлі үрдістерді зерттейтін аспап.<ref>Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Анализаторлар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} Үлгі:Elec-stub