Ампер (өлшем бірлігі)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ампер —
- электр тогы күшінің Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) бірлігі. Француз физигі А.М. Ампердің (1775—1836) есімімен аталған. Белгіленуі: А. 1 А — бос кеңістікте (вакуумда) бір-бірінен 1 м қашықтықта параллель орналасқан, шексіз ұзын әрі өте жіңішке дөңгелек қималы, түзу екі өткізгіш бойымен өткенде, осы өткізгіш ұзындығы 1 м болатын бөлігінде 2*10−7 Н-ға тең өзара әсер күшін туғызатын, өзгермейтін ток күшіне тең. 1 А=3*109 СГСЭ бірлігі = 0.1 СГСМ бірлігі;
- магниттік қозғаушы күштің (ескі атауы — ампер-орам) Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі. Бұл жерде 1 А — күші 1 А болатын тұрақты ток контурымен ілініскен тұйық контур бойындағы магниттік қозғаушы күшке тең. 1 А = 0.4 π гильберт = 4π * 3 *109 СГСЭ бірлігі.
<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ампер (өлшем бірлігі)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}