Аманжол Күнболатұлы Бұғыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аманжол Күнболатұлы Бұғыбаев (5.4.1944 жылы, Алматы облысы Сарқан ауданы Новопокровка ауылы) — палуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1973).

Еркін күреспен 1962 жылдан бастап айналысады.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

КСРО чемпионатына жеті рет (1966 — 73) қатысып, қола (1966), күміс (1972), алтын (1973) медальдерге және КСРО кубогіне ие болды. Бұғыбаев 1996 жылдан еркін күрестен Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}