Амангелді Ескерткіші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аманкелді ескерткіші 1947 жылы Алматы қаласында Абылай хан даңғылы бойында Аманкелді Имановқа койылған (мүсінші Х.АсқарСарыджа, сәулетшісі Т.Бәсенов). Аманкелді ескерткіші Алматыдағы алғашқы монументтік ескерткіштердің бірі. Ескерткіш тұғыры сұр граниттен қаланып, оның сыртында бұдырлы өрнек түсірілген. Ал Аманкелді Имановтың салт атты тұлғасы қолдан құйылған. Жалпы биіктігі 6м. Қола мүсіннің үш тиянақ нүктесіне негізделіп жасалуы ескерткіштің қимыл қозғалыс ырғағын танытып тұр. Халық батырының жинақы киімі мен мығым отырысы жүріп бара жатқан аттың қимылымен толық үндестік тапқан. Мүсіннің сымбаты мен композициялық сәтті шешімі Аманкелді ескерткішінің басты жетістігі болып табылады. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}