Аманбай дуалы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:43, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Аманбай дуалы- берік қабырғамен қоршалған бекініс, қыстақ. Қарағанды облысы Кеңгір өзенінің сол жақ жағалауында Сарысу өзеніне құятын тұсынан 5 км жоғары орналасқан. 1946 - 47 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші Ә.Марғұлан) зерттеген. Сыртқы пішіні - төртбұрышты үлкен үйінді. Солтүстік және батыс жағы жақсы сақталған. Қалған екі бүйірін су шайып, сілемі ғана қалған. Қабырғасының ұзындығы 56x50 , қазіргі биіктігі 4 м, қамыспен өріп, екі жақ бетін шыммен қалаған. Іргесі енді (6 - 7м), жоғарғы жағы бірте-бірте жұқарады (1 м). Аманбай дуалының ішінде тұрақ үйдің, ат қораның, т.б. құрылыстардың орны сақталған. Шымнан, қамыстан үй тұрғызу 17 - 18 ғасырда Қазақстанның солтүстігінде кең тараған. Ондай қабырғасы қалың қамыстан тұрғызылған үйлерді "шом қора" деп атаған. Шом қораның орындары Есіл, Нұра өзендерінің бойында жиі кездеседі. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}