Альбинизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Альбинизм , реңсіздік (Үлгі:Lang-la — ақ) — организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Альбинизм — рецессивті генге байланысты тұқым қуалайтын белгі. Бұл ген гомозигота кезінде меланин, хлорофилл пигменттері синтезін тежейді. Адамдар мен жануарлардың түрге тән сыртқы пигментациясы іштен туа қалыпты аспай көзі, қасы, шашы, түгі, терісі т.б. өзгелерден ерекше түске боялады. Өсімдіктерде альбинизм олардың жасыл түске толық немесе жартылай боялмай шығуымен байқалады. Зертханалық жануарлардың таза линияларының альбионостары генетикалық тәжірибе үшін қолданылады.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Альбинизмге ұшыраған жануарлар мен адамдардың терісі мен жүнінде және көздің нұрлы қабықшасында тиісті пигменттің (меланин) жоқтығынан олар бозғыл тартады. Ал өсімдіктерде хлорофилл болмауынан фотосинтез процесі тоқтайды да, өсімдік өз тіршілігін жояды. Альбинизмге шалдыққан организмді альбинос деп атайды. Альбиностардың жарықты сезінуі өте жоғары болады. Лабораториялық жануарлардың (қоян, егеуқұйрық тышқан т. б.) таза альбиностары тек зерттеу жұмыстары үшін өсіріледі.<ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref><ref>Albinos, Long Shunned, Face Threat in TanzaniaҮлгі:Ref-en</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Альбинизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}