Алыптың азабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Алыптың азабы», жинақ. Авторы - Д. Досжанов. 1997 ж. «Рауан» баспасы шығарған. Кітап 3 бөлімнен құралған. Біріншісі - «Алыптың азабы» романы, екіншісі - әңгімелер, үшіншісі - «Түсіне соғыс кіретін кісі» повесі. Роман Әуезовтің өмір жолына арналған, ғұмырнамалық дерекке, мұрағат құжаттарына, көз көрген кісілердің естелігіне сүйеніп жазылған. Автор көп жыл ізденіп, мол еңбек еткен. Сондай-ақ Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мұрағатындағы материалдарға, жазушының қалтарыста қалған қолжазбаларына иек сүйеген әрі классикалық өмірбаяндық шығармаларға табан тіреген. Ұлы жазушының абақтыда жатқан кездегі рухани азабын, жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырауын оқиға желісі етіп алып, суреткер-ұстаздың «айтып кеткен, айтсам деген, жазбақшы болып ниеттенген ой ұшқынын» оқырманның көз алдынан тізілтіп өткізеді. Кітаптың көлемі 32 баспа табақ.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алыптың азабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}