Алхимия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алхимия (Үлгі:Lang-la) — химия ғылыми және мәдени дәстүр; оның негізі табиғатта кездеспейтін "философиялық тас" жай металдарды алтынға айналдырады деген сенімнен туған. Алхимия ежелгі дәуірде (б.з.б. II-VI ғасыр) александриялық мәдени дәстүр кезінде пайда болды. Ол салттық герметикалық өнер нысаны болып табылады. Александриялық химияның негізгі зерттейтін материал ол металл. Бұл кезенде дәстүрлі металлопланеталық символикасы құрылды. Оның ішенде 7 планетаға әр металл жататындығы туралы айтылған, олар: күміс – Ай, сынап – Меркурий, мыс – Шолпан, алтын – Күн, темір – Марс, қалайы – Юпитер, қорғасын – Сатурн. Александрияда алхимия құдайы мысырдың құдайы Тот, ал грекияда Гермес. Алхимия орталығы ежелгі дәуірде Серапис шіркеуі болып саналды. Бұл ғылым саласына өзінің үлкен үлестерін қосқан грек-мысыр ғұламалары: Болос Демокритос, Зосим Панополита, Олимпиодора. Болостың «Физика және мистика» кітабының төрт бөлімі алтын, күміс, бағалы тастар және пурпурға арналған. Болос металдардың трансмутациясы, яғни бір металлдың екінші металлға айналуы туралы бірінші болып тұжырымдаған. Рим империсының құлауына қатысты, алхимия орталығы Араб шығысында болды. VIII ғасырдың соңында парсы алхимигі Джабир ибн Хайян Аристотельдің заттың бастапқы қасиеттері туралы теориясын айқындады. <ref name=h1>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref> Алхимия жер бетіндегі және космостағы процестерді, жанды және жансыз табиғатты, табиғат пен қоғамды, адам әрекеттері мен зат әрекеттерін тұтас алып қарауды білдіреді.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}