Алтынемел асуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:19, 2016 ж. мамырдың 17 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына Алтынемел асуы Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері – Алтынемел жотасы (2928 м) мен Матай тауының (2880 м) арасында, теңізі деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу.

Геологиялық орны

Алтынемел асуы өтетін орталық қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивті, базальтты, андезитті, туфты шөгінділерінен құралған.

Өсімдігі

Асудың қызғылт қоңыр және қара топырағында бұталар араласқан бозды-бетегелі, шалғынды өсімдіктер өседі. Қыс айларында 4 – 5 ай ауа температурасы –10 – 15°С болады. Бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. Ш.Уәлиханов 1858 жылы Қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. Асудың солтүстік-батысындағы Қоғалы тауаралық ойысынан оңтүстік-шығыстағы Қоңырөлең тауаралық ойысына қарай АлматыСарыөзекЖаркент автомобиль жолы өтеді.<ref> Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том; </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алтынемел асуы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}