Алтынай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Алтынай" - фольклорлық- этнографиялық би ансамблі. 1986 жылы Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның жанынан құрылған. Қазақ өнері тарихындағы халықтық-фольклорлық бағыттағы тұңғьпп би ұжымы. Мақсаты: халық билері үлгілерін жандандырып, сахнаға шығару. Ансамбль репертуарында ежелгі қыпшақ биі "Алқа-қотан", тұрмыстық "Киіз басу", салт-дәстүрлік "Қоштасу", көне әдет-ғұрыптық "Бақсы биі", әзіл-қалжыңды "Келіншек", "Ұтыс", "Аударыспақ", аспаптық "Аса- таяқ", "Домбыра", т.б. көне билер бар. Халықтық үлгідегі бұл билерді қазақ өнерінің ардагері, суретші, әрі биші Ә.Ысмайлов, балетмейстер, ұстаз-хореограф О.В.Всеволодская-Голушкевич, ансамбльдің тұңғыш солисі, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі Т.Ізімова сахнаға шығарды. "Алтынай" ұжымы 1999 жылы Бельгияда өткен Халықаралық фольклорлык би фестивалында 1-орынға ие болды. 1991 жылы ол Қазақстан мемлекеттік халық би ансамбліне айналды. Оның түң­ғыш көркемдік жетекшісі Голушкевич, қазір Талант Қылышбаев.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}