Алма Дінмұхамедқызы Оразбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:33, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алма Оразбаева (28.12.1898, Бөкей ордасы, — 1948, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой станциясы) — мемлекет және қоғам қайраткері.

Білімі

  • Жұмысшы отбасында дүниеге келген.
  • Ордадағы 1 кластық орыс-қазақ мектебінде сауат ашқан.
  • 1909-11 ж. Симбирскідегі чуваш мектебіңде оқиды. Әкесінің қайтыс болуына, қаражат тапшылығына байланысты оқуын аяқтай алмай, елге оралып, алдымен Ордадағы жаңадан ашылған 2 кластық қыздар мектебінде оқиды.
  • Кейін осындағы жоғарғы бастауыш ерлер мектебі жанындағы 3 жылдық курсты бітіріп, бастауыш класс мұғалімі мамандығын алып шығады (1916).

Еңбек жолы

  • Ұстаздық жолын Новая Казанка ауылында бастайды.
  • 1917 ж. мамыр айында С.Меңдешевтің бастауымен Ордада өткен, бүкіл оқу жүйесін өзгертуді талап еткен мұғалімдер съезінің жұмысына белсене қатысады. Ордада Кеңес өкіметі орнаған күннен бастап әйел теңдігі, жесір дауы мәселелеріне тікелей араласьш, өзінің жалынды сөздерімен, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған уытты мақалаларымен қазақ әйелдерінің көзін ашуға тырысады.
  • Оразбаеваның ұйымдастырушылық қабілеті қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін құру кезінде ерекше байқалды.
  • 1919 ж. 17 маусымда Қазақ әскери істер жөніндегі комиссариатының бұйрығымен комиссариаттың саяси-ағарту бөлімінің үгітшісі болып тағайындалып, көп ұзамай Мәскеудегі Я.М.Свердлов атындағы Коммунистік университеті жанындағы үгітшілер мен насихатшылар курсына оқуға жіберіледі.
  • 1919 ж. қазанда осында РК(б)П қатарына қабылданады.
  • 1919-28 ж. РК(б)П Орынбор губкомы қазақ секциясының жауапты хатшысы
  • Бөкей губерниялық партия комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі
  • Қазақстан өлкелік саяси-ағарту бас басқармасының бөлім меңгерушісі болып істейді.
  • 1928 ж. БК(б)П ОК Оразбаеваны Қазақстаннан шақырып алып, Саратовқа жұмысқа жібереді. Ол мұнда Нижне-Волжск өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі және әйелдер бөлімінің меңгерушісі әрі өлкелік колхоз одағы төрағасының орынбасары міндетін қоса атқарады.
  • 1929 ж. Коминтерниянің тапсырмасымен Моңғол Халық Республикасына іссапармен барып қайтқаннан кейін айықпас дертке шалдығып, 1931 ж. зейнетке шығады.

Қоғамдық қызметі

  • БОАК-нің мүшесі
  • РК(б)П ОК-нің жұмысшы және шаруа әйелдер арасындағы жұмыс жөніндегі комиссиясының мүшесі
  • Қазақ АКСР ОАК-нің әрі президиум мүшесі болып сайланады.
  • Партияның 12, 13, 14-інші съездеріне делегат
  • 14-Бүкілодақтық партия конференциясына делегат
  • коммунист әйелдердің 3-халықаралық конференциясына делегат
  • Коминтерінің 5-конгресіне делегат болып қатысады.

Александр Викторович Затаевичтің бағалауы

Оразбаеваның қазақ өнеріне, өнерлі жастарға жасаған қамқорлығы да ерекше.

А.В.Затаевич одан халқымыздың 10 әнін («Жайық», «Қосай», «Танысу жыры», «Зейнешім», «Саржан», «Төртпішен», «Ғиндаш», «Айнамкөз» және «Қоштасу» әнінің екі түрлі нұсқасы) жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына кіргізген.

Оразбаеваның даусы мен орындаушылық шеберлігін Затаевич: Үлгі:Дәйексөз деп жоғары бағалады.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub