Алма Бақытқызы Асқарбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:03, 2015 ж. тамыздың 18 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

{{#invoke:Message box|ambox}}

Алма Бақытқызы Асқарбекова 1962 жылы 16 мамырда Павлодар облысы Қашыр ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Темешбаев Бақыт Шарапедінұлы, марқұм, автобаза директоры болған. Анасы - Ақмарова Майра Мұстафақызы, зейнеткер, мұғалім болған. А. Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін бітірген (1980); Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының хореография факультетін бітірген (1998), педагог-хореограф. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1980 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының балет әртісі. 1990 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының балет солисі. 2004 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының балет репетиторы. 2005 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында балет труппасының оқытушы-репетиторы. ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет белгісімен (2001) марапатталған. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2003). Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өз елімді - Отанымды сүйемін, өз қалам - Алматыны сүйемін, оның жылдан жылға жақсарған үстіне жақсара беретініне сенемін». Хоббиі - кітап оқу және жинау, тоқыма. Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс классикасы, Л.Н. Толстой. Тұрмыста. Жұбайы - Өтебалиев Абай Халелұлы (1950жылы туған), кәсіпкер. Қызы-Асқарбекова Майра Саматқызы (1989 жылы туған), Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театр балетінің әртісі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub