Алматы жоғары би өнері мектебі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алматы жоғары би өнері мектебіби өнері саласына жоғары білімді мамандар даярлайтын мемлекеттік оқу орны.

Негізі Алматы би өнері училищесі (1934) болып қаланған. 1936 А.В. Селезнев атынд. Алматы би өнері училищесі болып қайта құрылды. 1994 ж. 22 маусымда училищенің базасында Алматы Жоғары би өнері мектебі ұйымдастырылды. 1996 ж. 10 маусымда мектеп Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының құрамына “Би өнері” факультеті болып енді. Онда 60 студент би өнері педагогі және би өнері режиссері мамандықтары бойынша білім алады. Факультет шәкірттері арасында атақты балет бишілері Қазақстан Республикасының халық артистері және еңбек сіңірген артистері, халықаралық фестивальдардың жеңімпаздары Г.Тұтқыбаева, М.Түкеев, Л.Әлпиева, Г.Саитова, Е.Асылғазинов, Л.Ли т.б. бар. Мұнда балетмейстер өнері, классикалық, халықтық-сахналық, дуэттік-классик., қазақ билері, би өнері мұрасы, қазіргі би өнерінің бағыттары, музыка тарихы, би өнері театры, би сазы әдебиеті, фортепиано т.б. пәндерден дәріс беріледі. Факультетте белгілі өнер шеберлері Б.Аюханов, З.Райбаев, Д.Әбиров, С.Көшербаева, М.Тлеубаев т.б. сабақ береді. 1997 ж. факультет алғашқы 10 жоғары білімді маманды даярлап шығарды.<ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}