Алматы Облыстық Мемлекеттік Архиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алматы Облыстық Мемлекеттік АрхивіАлматы облысының тарихы туралы құжаттар жинақталған арнаулы ғылыми-анықтамалық мекеме. 1921 ж. ұйымдастырылған. Алғашында Жетісу облысы архиві, 1924 ж. Жетісу губернатор архиві, 1928 ж. Алматы округі архиві, 1928-33 ж. ҚазАКСР-ы Орталық архивінің құрамында, ал 1934 ж. қаңтар айынан қазіргі атымен аталып келеді. Архивте Алматы облысына қарасты мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, 1924 жылға дейінгі Қырғыз Республикасына, бұрынғы Талдықорған облысы тарихына байланысты құжаттар топтастырылған. Азамат соғысы, 1921-22 ж. жер-су реформасын іске асыру, қазақтарға патша үкіметі тартып алған жерлерін қайтарып беру, 1924-25 ж. Орта Азия Республикаларын ұлттық-территория жағынан межелеу, көшпелі қазақ қоғамын отырықшыландыру, күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық ретінде болған толқулар туралы деректер сақталған. Алғашқы бесжылдықтар дәуірінде өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын қайта құру, 1941 — 45 ж. облыс халық шаруашылығын соғыс мүддесіне бейімдеу, соғыстан кейінгі қалпына келтіру, шөл-шөлейт өңірлерді игеру туралы, өнеркәсіп, көлік, энергетика, мәдениет, халық ағарту салаларының дамуын жан-жақты бейнелейтін құжаттар шоғырланған. Архивтің Қапшағайда, Ұзынағашта, Талдықорғанда, Жансүгіровте бөлімшелері, 11 аудандық, қалалық архивтер бар. Архив құжаттары өлке тарихын зерттеуге елеулі мүмкіндік береді. 1981 ж. оның құрамынан Алматы қаласы мемлекеттік архиві бөлініп шықты. Құжаттар хронологиясы 1917 жылдан басталады.

Дереккөздер

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алматы Облыстық Мемлекеттік Архиві|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}