Алмажан Азаматқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:49, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алмажан Азаматқызы (1823, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Бекетай-Бесқасқа ауылы — өлген жылы белгісіз) — ақын. Әкесі Азамат 1836 — 37 жылдары Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жастайынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы — “Жетім қыз” дастаны. Дастан әділетсіз әкімдердің жетім-жесірлерге жасаған зорлық-зомбылығы әшкереленеді. “Жетім қыздың” басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға 2-жақтан баяндалады, аракідік қарасөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханға арызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.<ref>“Қазақ әдебиеті". Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}