Али Кельменди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Али Кельменди (1900 жыл, Печ, Сербия, Албаниялық КСР - 1939 жыл 11 ақпан) - албан саяси қайраткері, Албаниядағы коммунистік қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.

Өмірі

Маусым революциясына (1924) белсене қатысты. Революция жеңілгеннен кейін 1924 жылы желтоқсанда елден кетіп, әуелі Италияға, содан кейін Австрияға, ақыры Кеңес Одағына келіп паналады. 1930 жылы Албанияға қайта оралып, маркстік-лениндік идеяларды насихаттап, коммунистік топтарды құрушылардың бірі болды, революциялық қозғалысты қайта жандандырып, өрістетуге ат салысты.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>