Александр Иванович Сахи Романов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александр Иванович Сахи Романов (1.8.1926 ж.т., Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қарақұм а.) - кино суретшісі, график, кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі (1981).

  • 1944 - 47 ж. Мәскеу көркемсурет орта мектебінде,
  • 1947- 48 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтында оқыған.
  • 1955 ж. Мәскеудегі Кинематография институтын бітірді.

Сахи Романов "Қанатты сыйлық" (1956), "Алдар көсе" (1964), "Ән қанаты" (1965), "Жангелдин отряды" (1967), "Найзатас баурайында" (1969), "Құлагер" (1972), "Даладағы куғын" (1978), т.б. фильмдердің декорациясы мен костюм нобайларын, "Қырық өтірік" ертегісінің графикалық иллюстрацияларын (1955), "Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы" (1961) топтамаларын жасады. Сахи Романов қондырғылы кескіндеме монументтік түрлі-түсті сән жосығымен үйлескен "Қазақстанның халық артисі Ғ.Құрманғалиевтің портреті" (1957), "О. Сүлейменовтің портреті" (1965), "Автопортрет" (1973), "Мұхаммед Хайдар Дулати" (1978), т.б. портреттерді салды. Сондай-ақ, "Ант. Жер туралы декрет", "Отан аспаны аясында", "Құй бұғаудан босау" (үшеуі де 1970), "Бектау ата" топтамасы (1984), "Аврора жаңғырығы" (1986 - 87), т.б. картиналарын салды. Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендері мен медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}