Александр Владимирович Селезнев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Александр Владимирович Селезнев (22 қараша 1906, Санкт-Петербург22 мамыр 1961, Алматы) – балет артисі, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1955).

Өмірбаяны

  • 1923–26 ж. Санкт-Петербургтің хореографиялық училищесінде оқыды.
  • Сахналық жолын 1926 жылдан бастаған.
  • 1936 – 37 ж. Мәскеудегі Yлкен театрда балет артисі қызметін атқара жүріп, классикалық би педагогтары курсын бітірді.
  • 1937 – 45 ж. Алматыда тұрып, қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет артисі қызметін атқарды. Мұнда ол Мергенбай (В.В. Великанов, “Қамбар — Назым”), т.б. партияларды биледі.
  • 1937 жылдан Алматы хореографиялық училищесінде (1996 жылдан С. есімімен аталады) ұстаздық етіп, ұлттық хореографиялық өнері үшін кадрлар даярлауда елеулі еңбек сіңірді.

Шәкірттері

Шәкірттері — Д.Әбіров, С.Көшербаева, З.Райбаев, Р.Тәжиева, т.б.

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}