Александр Владимирович Селезнев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Александр Владимирович Селезнев (22 қараша 1906, Санкт-Петербург — 22 мамыр 1961, Алматы) – балет артисі, педагог, Қазақ КСР-інің халық әртісі (1955).
Өмірбаяны
- 1923–26 ж. Санкт-Петербургтің хореографиялық училищесінде оқыды.
- Сахналық жолын 1926 жылдан бастаған.
- 1936 – 37 ж. Мәскеудегі Yлкен театрда балет артисі қызметін атқара жүріп, классикалық би педагогтары курсын бітірді.
- 1937 – 45 ж. Алматыда тұрып, қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет артисі қызметін атқарды. Мұнда ол Мергенбай (В.В. Великанов, “Қамбар — Назым”), т.б. партияларды биледі.
- 1937 жылдан Алматы хореографиялық училищесінде (1996 жылдан С. есімімен аталады) ұстаздық етіп, ұлттық хореографиялық өнері үшін кадрлар даярлауда елеулі еңбек сіңірді.
Шәкірттері
Шәкірттері — Д.Әбіров, С.Көшербаева, З.Райбаев, Р.Тәжиева, т.б.
Марапаттары
- Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}