Александров, Борис Викторович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Борис Александров (13 қараша 1955 жыл, Өскемен — 31 маусым 2002, Ресей) — Өскемен тумасы, Қазақстан хоккейшісі. 16 жасында өскемендік «Торпедо» негізгі сапында ойнай бастады. Сосын мәскеулік ЦСКА және «Спартак» құрамаларында өнер көрсеткен. 1975 - 1976 жылдары Александров ЦСКА сапында ҰХЛ-на қарсы суперсерияға қатысқан. Инсбрукте 1976 жылы КСРО құрамасында олимпиялық чемпионом атанды. Мансабын Еуропада, Италия мен Мажарстанда бітірген.

2002 жылдың маусым айына дейін өскемендік «Қазцинк-Торпедо» және Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметін атқарған. 31 маусымда Усть-Катав қала маңында (Уфа — Шеләбі жолында) көлік апатынан көз жұмған.

Қазіргі кезде Өскемендегі спорт кешен осы хоккейші есімен аталады. Сонымен қатар Өскеменде 2012 жылы 2 маусымда спортшы, әрі бапкер Борис Александровқа ескерткіш қойылды.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref><ref>Легендарному казахстанскому хоккеисту поставили памятник</ref>

Дереккөздер

<references/>