Алдаспан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:48, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Алдаспан — ерекше ауыр қылыш. Қынға салып алып жүретін жеңіл қылыштармен қоса, қынсыз, ауыр қылыштар да болған. Олар алмас, болаттан соғылып, бас жағы үлкен, жалманы (жүзі) жалпақ болады. Сондықтан оны қынсыз ұстайды. Тым салмақты болғандықтан Алдаспанды тек қарулы батырлар ғана ұстаған. Оны белге байлап, не иығына асып жүрген. Алдаспан қылыштың ішіндегі ең таңдаулысы, асылы саналады. Ауыз әдебиетінде мықты батырларды бір шапқаннан кесіп түсер Алдаспанға теңейді. Қылыштың ерекше түрі ретінде Алдаспан ерте заманда пайда болған. Көшпелі халықтардың өнер ескерткіштерінде, шығыс халықтарының бейнелеу өнері жәдігерліктерінде Алдаспан ұстаған батырлар бейнесі жиі кездеседі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref>

'"Алдаспан"' — 15-18 ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы. 1971 ж. Алматыдағы "Жазушы" баспасынан 17 дана таралыммен жарық көрген.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}