Алданыш Арыстанғалиұлы Нұрымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:54, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Алданыш Арыстанғалиұлы Нұрымов (24.2.1941 жылы туған, Арал ауданы Сексеуіл станциясы) – ғалым, экономика ғылыми кандидат (1973), доцент, Халықаралық Еуразия экономикалық академиясының корреспондент-мүшесі, Салық қызметінің ІІ дәрежелі мемлекеттік кеңесшісі. Мәскеу темір жол институтының инженер-экономилық факултетін (1965), аспирантурасын (1973) бітірген. 1965 – 69 жылдары Жамбыл станциясының нормалаушысы, аға инженер-экономисі, Жамбыл темір жол бөлімшесінің бастығы болып істеді. 1973 – 83 жылдары Жамбыл технологиялық институтында кафедра меңгерушісі, факултет деканы, партком хатшысы, 1983 – 87 жылдары Жамбыл облысы партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің меңгерушісі, 1987 – 89 жылдары облыс атком төрағасының орынбасары, 1989–90 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК-нің әлеуметтік-экономилық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1990 – 91 жылдары Президент аппараты аймақтық реферетурасының меңгерушісі, 1991 – 95 жылдары ҚР Қаржы министрінің Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары, 1996 жылдан Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитетінің мүшесі. 80-нен астам ғылыми еңбектері, солардың ішінде орыс тілінде: «Хозрасчет в локомотивном депо», «Анализ хозяйственной деятельности», «Бухгалтерский учет в крестьянских хозяйствах» атты кітаптары жарық көрген.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алданыш Арыстанғалиұлы Нұрымов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}