Ала балта

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ала балта - басы әшекейлі жауынгерлік балта. Айбалта басын ою-ернекпен эшекейлеу - көшпелі халықтарда көнеден келе жатқан дәстүр. Қазақ ұсталары кейбір балталардың бастарын алтын- мен және күміспен бұлау, алтынмен және күміспен қақтау әдістерімен әшекейлеп жасаған. Бұл дәстүрдің негізінде қаруды мифологиялық космостың зоналарын вертикаль бойынша байланыстырып тұратын мифтік әлем ағашының алломорфы ретінде санайтын діни-магиялық ырым жатыр. Сондықтан балта басына қолданылатын орнектің негізгі түрі көне мифологиялық «әлем ағашын» тұспалдайтын өсімдік өрнегінің түрлі варианттары орын алады. Қазақтар әшекейсіз қарапайым балтаны қара балта десе, қаратемірге ақ күміс шабылған әшекейлі балтаны - ала балта деп атаған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ала балта|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}