Ала арқан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:47, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Aлa арқан - ақ пен қара жіптен аралас етіп есілген арқан түрі - ғұрыптық және моральдық-этикалық мәнді бұйым. Оның символикалық мәні тоқтаусыз алмасып келіп отыратын күн мен түннің антиномиялық байланысын бейнелейді. Сонымен бірге магиялық күші бар деп есептелді. Қазақта ала арқан мен ала жіпке қатысты ырымдар-тыйымдар өте көп. Аяғы ауыр әйелге арқан естірмеген және ала арқанды аттап өтуіне тыйым салған. Өйткені, баланың кіндігі мойнына оралып тұншығады-мыс. Сондай-ақ, жасөспірім баланың керіліп тұрган ала арқанның астынан өтуіне тыйым салынған. Себебі, бойы тапал болып, өспей қалады деседі. Малды ауылдағы қотан сыртынан бөріден сақтану үшін арқан керіп коятын сақтану шарасы — магиялық ырым. Халық ұғымында адам тұтынған заттың (арқанның т.б.) иісін сезген қасқыр арқаннан аттамайды, яғни қорадагы малға шаба алмайды. Жаз жайлауға көшіп, далада қонғанда айналдыра тасталған ала арқанның ішіне жатса жын-шайтан да, жылан да жоламайды-мыс. Өйткені, жылан ала арқаннан аттамаймын деп серт берген деседі. Ала арқанды ұрлауға болмайды, ұрлаган жағдайда мойнына ала арқан түседі деп ырым еткен. Қыз артынан апарған буылған жасаудың да арқанын кеспейді және қайта әкетпейді. Әйтпесе, ұзатқан қыздың «ырыс, берекесі» кетіп қалады-мыс. Біреуге мал сатқанда немесе сыйлағанда «малымның құты қашады» деп, басындағы ала жіпті алып қалатын үрдіс бар. Сондай-ақ, жұқпалы індеттің шыққанын білдіру үшін ауылдың және үйдің кіре берісіне ала арқан керіледі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ала арқан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}