Алаша хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алаша (Алаш) хан — халық аңызы бойынша “Алты алашты” құраған тайпалардың түп атасы.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Қазақ шежіресінде Алаша ханның шыққан тегі қарапайым кісі болған делінеді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Оның есімі қазақтың шығу тегін баяндайтын ең көне аңыздарда кездеседі. Сондықтан кейбір ежелгі деректерде “Алаш” этнонимінің шығуы осы Алаша хан атымен байланыстырылады. Оның есімі 9 ғ-дың туындысы “Қорқыт” дастанында айтылады. Орта ғ. мұраларындағы Алаша хан — 14 ғ-дың 2 жартысы мен 15 ғ-дың 1 жартысында өмір сүрген әрі батыр, әрі би, әрі ұлыс билеушісі. Алаша хан ел жадында жауынгер тайпалар — көшпелі түркілерді біріктіріп, тұңғыш алаш (қазақ) мемл-тін құрған ұлы қайраткер ретінде қастерленеді. Әбілғазы шежіресінде Алаша ханның әкесі Көк хан болғандығы, ұрпақтарының бірінің есімі Қара хан, ал немересі — оғыздардың түп атасы — Оғыз хан аталғандығы жазылады. Рашид әд-Дин мен Әбілғазы Алаша ханның өмір сүрген жері — Дешті Қыпшақтың орталық бөлігі деп көрсетеді. Бұл тарихи деректер ел аузындағы Алаша хан ордасы Ұлытау төңірегінде болған деген тұжырыммен ұштасады.

Ұлытау өңіріндегі “Алаша хан ордасы” аталатын үлкен сарай-қамалдың қалдығы (Жаңғабыл өз-нің бойында) және Қаракеңгір өзенінің жағасындағы “Алаша хан күмбезі” аталатын 10-11 ғасырларда салынған ғимарат әлі күнге дейін сақталған. <ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref> <ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}