Аластау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аластау — дәстүрлі тәңіршілдік дүние-танымнан, отқа табынудан қалған ырым. Ол екі түрлі мәнде — ел аумағын, мал өрісін, мекен-жайды кесір-кесапаттан сақтау үшін және адам мен малды ауру-сырқаудан айықтыру үшін қолданылған:

  1. ежелгі қазақтар отты тазалық иесі, зұлымдыққа қарсы тұратын құдіретті күш, киелі нәрсе санаған. Б.з. 4 ғ-ында Византия елшісі Земархты, кейіннен Еуропа елшілерін дала жұртының от арасына өткізіп, “тазартып” қарсы алғандығы көне Қазақстан туралы жазылған саяхатшылар еңбектерінен белгілі. Сондай-ақ, қазақтар қыстаудан-жайлауға, жайлаудан-қыстауға қоныс аударарда көш керуенін лаулап жанған екі оттың арасынан айдап, “алас-алас, әр пәледен халас” (араб. — арылу, бостандық алу; төлеу, өтеу) деп дуалаған. Жаңа үйге қоныстанарда бөлменің бұрыш-бұрышына от жағып, немесе адыраспан, арша тәрізді емдік қасиет мол өсімдіктердің түтінімен бәле-бәтірді Аластау салты қазіргі кезге шейін сақталған;
  2. жамандық наным-сенімді ұстанған ежелгі қазақтар адам мен малға тиетін індет атаулының иесі, яғни, құдайы — “бәдік” деп түсінген. Бақсылар от айнала қобыз тартып, сарнау айтып, мал-жанның кеселін Аластауға, жансыз нәрселерге көшіруге тырысқан. Жауыздық пен кесапат кесік (Аңғырат —Майныу) жоқшылық пен ізгілік иесімен, (Ақұра-Мазда) көмегімен жеңіп шығуға болады деп ұғынған. Бәдік айтып, ауруды Аластау нышандары ауыз әдебиетінің нұсқаларында мол ұшыратады. Мыс., “Айт дегеннен айтамын-ау бәдікті, Қара мақпал тоным тозды әдіпті, от оттамай, су ішпей жата берсе, Бәдік емей немене бұл кәдікті. Көш! көш, көш!…” Сонымен қатар аурудан өлген малдың басын сырлап, адам мен жан-жануардың аяғы баспайтын жерге көміп тастау немесе сырқат адамды күн батарда далаға алып шығып, су бүркіп, от айналдырып Аластау ырымы да бар.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аластау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}