Аламан хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аламан хан - асық ойынының түрі. Онда, ойыншылар бір жолда екі адамнан алма-кезек (бірі қалса, екінші) ойнайды. Ойынға қатынасушы әрбір адам әр реткі ойынға жетіден жоғары асық қосады. Сонымен бірге, үлкен, әрі әдемі асықты «хан» сайлайды. Оны ойнаушылардың асығына қосып араластырып, кілем, киіз үстіне шашып жібереді. Асықтың жағдайына қарай отырып онымен бірдей болып түскен жақпен басбармақ немесе сүк саусағымен атып «ханды» алады. «Ханды» атқан асыкпен оның маңайындағы тағы екі асықты атып алады. Мұнан кейін шашылған асықтардың кез-келген жерінен бір-біріне оңай тиетін асықтарды атып үтып отырады. Ойынның шарты - ұтқан асықтың саны жетіге жеткенше ойын ережесін бүзуға болмайды. Яғни ойыншының қолы немесе атқан асығы басқа асықтарға тиіп кетсе, ол қолындағы асықтарын ортаға тастайды - барлық асық ханталауға түседі. Ойын кезегі екінші адамға тиесілі болады. Бірақ қолындағы асықтың саны «ханды» қосып есептегенде жетіден артық ойыншы әлгі ереженің шарты- на бағынбайды. Яғни қолындағы асығы ханталауға түспей өзінде қала береді. Ондайда ханталауға жерде қалған асықтар түседі. Соңында ұтқан асық саны мен ханның кімнің колында екендігіне қарай қорытынды жасалып, ұтылғандардан тоқинек айып алынады.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Аламан хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}