Алакөл шөгінді алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Алакөл шөгінді алабы геологиялық тұрғыдан алғанда өзімен аттас ойыспен байланысты, ол солтүстігінде Тарбағатай жоталарымен, оңтүстік-батысында Жоңғар Алатауымен, оңтүстік-шығысында Бірлік және Майлы жоталарымен шектеседі. Ойыстың ауданы 20 мың км² шамасында.

Ойыстың іргетасын көнелігі девонға сәйкес келетін жанартаутекті және жанартаутекті-шөгінді қатқабаттар құрайды деп есептеледі, олар төменгі-ортаңғы карбонның туфогендік құмтастарымен, көмірлі аргиллиттермен, конгломераттармен және әктастардың линзаларымен көмкерілген. Қимадағы жоғарғы карбон-төменгі пермь түзілімдері риолиттерден, дациттерден, туфтардан, құмтастардан және алевролиттерден құралған. Көнелігі алғашқы триас-ортаңғы юраға сәйкес келетін мезозой түзілімдері грабендер мен мульдалардың шөгінділері кешенін құрайды. Бұлар палеозой таужыныстары бетін бұрыштық және стратиграфиялық үйлесімсіздіктер арқылы көмкереді. Юра қатқабаттарында көмір қойнауқаттары ұшырасады. Кайнозойлық кешен платформалық тыс рөлін атқарады.

Ең жоғары тереңдігі 2,2 км-ден аспайтын іргетас беті бойынша Алакөл ойысы біршама ауқымды асиметриялы депрессия болып табылады, оның оңтүстік-батыс борты тік құласа, солтүстік-шығыс борты бірте-бірте еңістенеді.

Палеозойдың беті бойынша мұнда Оңтүстік Сасықкөл, Оңтүстік Алакөл және Шығыс Алакөл ойысымдары дараланады, бұлардың ішіндегі ең ауқымдысы және ең тереңі Оңтүстік Алакөл ойысымы.

Белгілі болған геохимиялық мәліметтерге қарағанда, ойыстың мұнай мен газға деген мүмкіндіктері шектеулі.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Алакөл шөгінді алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}