Актиноморфты гүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:39, 2013 ж. желтоқсанның 18 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Flores.gif
Актиноморфты гүл

Актиноморфты гүл - (грек. "actis" - сәуле, "morfe" - пішін) - құрылысы симметриялы гүл.
Мысалы, қалампыр, наурызгүл, итмұрын, қызғалдақ, алма, т.б. өсімдіктердің гүлдері осыған жатады.

Мұндай өсімдіктердің гүлдерін кейде көп симметриялық немесе радиальды гүл деп айтады.
Актиноморфты гүлдер белгілі бір бұнақденелер арқылы тозаңдануға онша бейімделмеген, оның себебі гүл құрылысының қарапайымдылығында.

"Актиноморфты" деген термин өсімдіктердің осындай құрылысы бар басқа органдарына да қолданылады.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998