Айғақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айғақ - дәстүрлі әдет-ғұрып құқығында айыпталушының «ақтығын» немесе «қаралығын» дәлелдейтін фактілер мен заттар немесе куәгер. Айғақтың алғашқы туынды, тура, жанама түрлері болады: қылмысты өз көзімен көрген адамның дәлелдерін екінші біреу арқылы куәға тарту туынды айғақ; тергеудегі істің негізгі сұрақтарына тікелей дәлел болатын фактілер (айыпталушының мойындауы сияқты) тура айғаң; бір-біріне байланысты алғанда ғана дәлел бола алатын фактілер жиынтығы жанама айғақ билер сотында өзіндік ережелермен белгіленеді. Айғақтың көрген айғақ, естіген айғақ деген түрі бар. Айғақ берушіні билер соты кез келген тараптан шақыра алады. Одан сұраққа салу «көрген көз - айғақ, естіген сәз - тайғақ» деген принцип бойынша жүргізіледі.

Болған қылмыстық іс-әрекет туралы білгені мен көрген дерегін бұлжытпай айтып беру мұсылмандық бойынша парыз ретінде Құранды басына қойып ант ете отырып куә береді. Күш көрсету, мәжбүрлеп айғақ тартуға тыйым салынған. Жалған айғақ беруші адамдар жазаланған. Айталық, дәстүрлі сот билігі бойынша, зинақорлық жасады деп айып тағылған кезде төрт куәгердің үшеуі шын, төртіншісі өтірік айғақ болса, онда бәрі бірдей жазаланады. Басқа қылмыстық істерді анықтауда екі айғақ беруші жеткілікті саналған. Естігеннен айғаққа карағанда көрген айғақ жоғары бағаланады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айғақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}