Айы оңынан туды

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айы оңынан туды - бұл фразеологиялық тіркес адамның дегеніне жетті, жолы болды, сәті түсіп, ісі оңғарылды деген мағынаны білдіреді. Ауызекі тілде жиі колданылатын тіркес басқадай жағдайда көшпелі қазағуар адамдардың аузынан «айың оңыңнан тусын!» деген бата-тілек ретінде айтылады және оның мәні жолың болсын, өмірлі бол дегенге саяды. «Айың оңыңнан тусын!» деген тіркес пен «айың тусын!», «жаңа айың тусын!» деп келетін тіркестер өзара мәндес. Ай толып, бірінші ширегі біткен соң айдың жартысы екінші шетінен бастап азаяды. Келе-келе ай екінші жағынан жартыланады, бұл жарты ай. Онан кейін жеті күн откенде ай күннің тұсына барады. Күнмен бірге шығып, бірге батады. Сондықтан, біз бұл екі-үш күнде айды көре алмаймыз. Оны халқымыз өліара деп атайды (толығырақ қ. Өліара). Өйткені, ай күннің оң жағында да, сол жағында да емес, ай күннің сол жағына өткен сон батыс көкжиектен қылдырықтай болып көрінеді, жаңа ай туады. Туар ай «)» таңбасына, ал, оліара - «(» таңбасына ұқсайды. «Таусылған» немесе «кеміген» айдың бұл түріне ұқсаған белгіні қазақтар қазірге дейін қайтыс болған адамдардың бейіттерінің басына орнатады. Күннің сол жағынан туған «жаңа ай» — ата-бабалар үшін оң жағынан туған ай. Өйткені, осы тұстағы көрініс берген ай адамдар үшін оң жақ екені түсінікті. «Айың оңыңнан тусын!» деуі бір-бірін жаңатуған аймен қуттықтауы, яғни «жаңа айың жарылғасын!» деген тілектің басқаша түрде айтылуы болып табылады.

<poem>Теңдік тиер бізге де күн келер ме? Бізден соңғы еркін күнді көрер ме? Адам болмай, осы көрім жансын деп, Надандықтың жаққан оты сөнер ме? Оңынан айым, күнім туып сол жақтан

Алашыңа айнадай сәуле берер ме?</poem>

Күннің, айдың жүретін жолы оңтүстікте «бетті» бергенде, айдың оң жақтан шығып шығысқа, күннің сол жақтан шығып батысқа «жол тартатыны» - жаратылыстың заңы. Осылай болу бейбіт, тыныштық өмірдің нышаны, яғни бейбіт мамыражай заманды білдіреді.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айы оңынан туды|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}