Айырбас сауда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айырбас сауда - мүлікті, малды баспа бас айырбастау. Айырбас құны үш жасқа жеткен қой және осы жастағы басқа малдар болды. Мұндай сауда тұрмыстық қажеттіліктен туындаған. Бұл сауда жасау немесе пайда табудың мақсатында емес, керісінше тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсатында жүргізіліп отырған. Дегенмен, сауда жасап, пайда көздеген бұқарлық, хиуалық, орта азиялықтар мен ноғай саудагерлерін көшпелі ортада жатсына қабылдады. Олардың әрекетінің қазақ дәстүрлі қоғамының қундылықтары мен нормаларына жат екендігін сыналды. Осыған орай, моральдық педагогикалық, дидактикалық әдебиеттерде пайда көздеген сауда туралы мітел, тұрақты тіркес, прецеденттік мәтіндер қалыптасты: сауда сақал сипағанша; қыз мұраты - кету, сауда мұраты - ұту; саудада достық жоқ; еңбек түбі — қуаныш, сауда түбі - борыш; жақсымен сауда қылсаң керіс болмас, жаманмен сауда қылсаң тегіс болмас және т.б. Бірақ, уақыт өте келе қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік қатынастар жаңаша үрдіске не болды. Сондай-ақ, қазақтар малды кез келген уақытта ақшаға сатпаған. Себебі, малдың ырысы, шаруашылықтың берекесі кетеді-мыс. Сондықтан, тұрмысқа қажет заттарын тек керек уақытында ғана айырбас жасап отырған. Орыс деректеріне қарағанда, қазақтар айырбас сауданы көбінесе қоймен жасаған, ал орыс саудагерлері қазақтармен жылқыны айырбастауға құштар болды. Себебі, қазақтар жылқы малын баптап, күйін жақсы келтіріп отырған.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айырбас сауда|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}