Айылбас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Айылбас - айыл, белдік, белбеу сияқты т.б. бұйымдардың бір ұшындағы тілшелі металл тоға, жырымның киілетін шығырық өткізілген екінші басы немесе айылтартпаның басына өткізіп жасалған ілмек бекіткіш. Айыл-тұрманның, басқа бір дүние-мүліктің жырым арқылы бекітілген жерінің бәрінде айылбас болады. Айылдың екінші жағы айылбасқа еніп, ондагы тілше арқылы бекиді. Алғашқы кезде байлауға ыңғайланған тілшесіз айылбас айылдық материалдың өзінен істелетін. Кейінірек оған айылды тартып тұратын ағаш, не сүйек тілше салынған. Бертін келе айылбас тілшесі мен тоға металдан, пластмассадан жасалатын болды. Тоға, шығырық, жырымның киілетін екінші басының қажет деп тапқан жерлеріне таспадан шашақ, шоқ, салпыншақ қалдырып, айылбас тілі өтетін жерлеріне көз қалдырып өріледі. Айылбастың тоға, тоғабас, тоғаша деп аталатын ерекше түрлерінде тілшік болмайды. Оның функциясын доғаның ортасына әдейі орнатқан көлденең темір аткарады. Қайыс осы көлденең темірге бекітіледі.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Айылбас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}