Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Айтмұхамбет Қасымұлы Қасымов"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:30, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Тұлға


Айтмұхамбет Қасымұлы Қасымов (29 маусымда 1950) - жазушы, журналист. Жазушы, журналист Айтмұхамбет Қасымов Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Аюды ауылында 1950 жылдың 29 маусымында дүниеге келді. Қазақтың мемлекеттік университетін бітірген. Шығыс Қазақстан өңіріндегі баспасөз тарихын, оның ішінде 1931 жылы шыққан «Жұмысшы» газетінен бастау алатын облыстық «Дидар» газетінің тарихын зерттеумен шұғылданып жүр.

Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы, жерлесіміз – марқакөлдік Жақыпбек Малдыбаевтың өмірін зерттеуші. Президент мұрағаты, Орталық Мемлекеттік, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, ҰҚК мұрағаттарынан жинаған деректері бойынша «Жұмысшы» газетінің тұңғыш редакторы, 1938 жылы «халық жауы» ретінде көптеген ұлт зиялыларымен бірге саяси қуғын-сүргінге ұшыраған журналист, жазушы М. Тайшыбаевтың өмірі мен шығармашылығын жайлы «Қызыл қырғынның құрбаны» атты кітап жазып шығарды. Қазіргі кезде облыстық “Дидар” газетінің редакторы.

1965 жылы жоғарғы Тайынты сегізжылдық мектебін, 1967 жылы Өскемендегі Жамбыл атындағы мектеп-интернатты бітірген. 1973 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп, Болыпенарым (қазіргі Қатонқарағай) ауданындағы Парамоновка, Алыбай мектептерінде мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры болып қызмет істеген.

1977 жылғы қыркүйектен бастап облыстық «Коммунизм туы» газетінде (қазір «Дидар») әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1997 жылдан бері Бас редакторлық орынбасары болып еңбек етті. 2009 жылғы ақпан айынан осы газеттің Бас редакторы қызметін атқаруда.

«Алтайдан ұшқан ақиық» (1999), «Арулар әлемі» (2000), «Үміт патшалығына саяхат» (2003), «Қызыл қырғынның құрбаны» (2004), «Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы Жақыпбек Малдыбаев» (2007) атты бес деректі-көркем кітаптың және «Дидар» газетінің 75 жылдық тарихын баяндайтын «Тарихи жол» (2006) атты ғылыми-зерттеу еңбегінің авторы.

Қазақстан Респубикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен (2006), «Астанаға — 10 жыл» медалімен, 2008 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА