Айтман күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:33, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Айтман күмбезі — сәулет өнері ескерткіші. Маңғыстау облысы Үстірттің оңтүстік-шығыс жағында Айтмансу құдығының басында Артық тамымен қатарлас орналасқан.

Айтман күмбезін Айтманұлы Жарылқасын деген азамат әкесі мен өзіне арнап 1897-98 жылдары халық шеберлері ағайынды Дүйсенбай мен Өмір Қаражүсіпұлдарына салдырған. Сәндік порталдарының үш жарты шарға бөлініп, парапеттерінің садақ бейнелі болуы, барабан цилиндрі мен оның күмбезінің шошақ келуі Айтман күмбезі тұлғасына жарасымды тұтастық берген. Күмбез ішіне кіретін есік алдыңғы жақтан шығарылған, ауа райының ашық кездерінде күнге сәулеленіп тұрады. Қабырғалары арасына ұсақ тастар толтырылып мықты болуы үшін көлденең байламдар салынған, екі қатар құрғақ жікпен қаланып, үстінен ылаймен бекітілген. Қабырғаның ішкі беті оюлармен әшекейленіп, ақ, қызыл, қоңыр, көк түстермен боялған. Ойынды қуыстарына қару-жарақ (мылтық, қорамсақ, қанжар, қайқы қылыш, найза) және үй жабдықтарының (дастархан, самаурын, шәйнек, құман, домбыра) суреті салынып, өсімдік өрнегімен безендірілген.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 1-том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}